Өнімділік – 2020 бағдарламасы бойынша өткізілген семинар туралы ақпараттық хабарлама

 

2011 жылдың 15 тамызында Алматы облысының әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Б. Тәкеновтың төрағалығымен «Өнімділік 2020» Бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өңірлік ақпараттық семинар-кеңес өтті. Семинарды бағдарламаның Өңірлік өкілі «Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мы облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
         Семинарға қатысқандар:
1.     Бағдарлама Операторының өкілдері«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ы (өнеркәсіп технологияларын жаңарту орталығының бас менеджері Ж.Жұмағалиев);
2.     Құралдар Операторының өкілдері – «БРК-Лизинг» АҚ-мы (жобалау дирекциясының басшысы Л.Әміреева), «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мы (Басқарма Төрағасының кеңесшісі Н.Ермекова, коммецияландыру және технология жүйесін үйлестіру орталығының сарапшысы А.Шаменов, инновациялық процесстердің аналитикалық бақылау орталығының сарапшысы Р. Ерназар, инвестициялық жобалар мен технологиялар орталығының сарапшысы Р.Жалымбетова);
3.     Мемлекеттік органдар;
4.     Облыс аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарлары;
5.     Консалтингтік компаниялар өкілдері;
6.     Алматы облысының өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары мен мамандары;
7.     Шағын және орта бизнес өкілдері.
Семинарды Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Тәкенов ашты.
Сөз барысында Бағдарлама Операторының өкілі«ҚИДИ» АҚ-ның өнеркәсіп технологияларын жаңарту орталығының бас менеджері Жанболат Жұмағалиев «Өнімділік 2020» Бағдарламасын құрудың негізгі сілтемелері, оған қатысу тәртібі мен Бағадарлама құралдарының біреуін жүзеге асыру тетігі, атап айтсақ, кешенді жоспары әзірлеу немесе сараптау шығындарының бір бөлігін өтеу тетігі туралы айтып өтті.  
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру мемлекеттік қолдау құралы бойынша«БРКЛизинг» АҚ-ның жобалау дирекциясының басшысы Әміреева Лаура лизингтік қаржыландырудың барлық жағымды жақтары мен талаптарын көрнекі құралдарымен түсіндіріп өтті.
«ҰИҚ» АҚ-ы Басқармасы Төрағасының кеңесшісі Ермекова Несіпбала «Өнімділік 2020» Бағдарламасы аясында, «ҰИҚ» АҚ-мы оператор болып табылатын білікті жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тарту, инновациялық гранттарды беру, жоғары білікті шетел мамандарын тарту, заманға сай басқару және өндірістік технологияларды тарту сияқты мемлекеттік қолдаудың төрт құрал туралы толығырақ айтып өтті, сондай-ақ оларды алу сызбасын егжей-тегжейлі түсіндірді.
         «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның өкілдері, ҚР-да технологияларды коммерцияландыру жүйесін, жобалау және венчурлік қаржыландыру тетігін дамыту және ғылыми-технологиялық Форсайт туралы қосымша айтып өтті.
         Сондай-ақ, семинар барысында төмендегі тұлғалар сөз сөйледі:
·       «Өнімділік 2020» Бағдарламасының Өңірлік өкілі атынан «жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мы Басқармасы Төрағасының орынбасары Евниев Арман Қайратұлы, ол «Өнімділік 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы айтты және облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерін бағдарламаға қатысуға шақырды.
·       «Өнімділік 2020» Бағдарламасының қатысушысы «Энерго Әлем» ЖШС-нің Бас директоры Кенжемұрат Дүкенбайұлы, ол семинар-кеңес қатысушыларымен Бағдарламаға кіру барысындағы тәжірибесімен және туындаған мәселелермен бөлісті.
Баяндамашылар өз баяндамаларын аяқтаған соң, семинар-кеңеске қатысушылар ұсынылып отырған «Өнімділік 2020» Бағдарламасы аясындағы келелі мәселелерді талқылап, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.