«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының екінші «ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу» бағыты аясында шағын қаржы ұйымдарының кепілдемелік қамтамасыз етілуін бағалау бойынша қызмет көрсетулерді жеткізушіні анықтау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының

 

«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының екінші «ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу» бағыты аясында шағын қаржы ұйымдарының кепілдемелік қамтамасыз етілуін бағалау бойынша қызмет көрсетулерді жеткізушіні анықтау
жөніндегі конкурстық комиссия отырысының
№ 1 хаттамасы
 
Талдықорған қ.                                                                                              15сағ.00м. 24 тамыз 2011 ж.
 
1.                  Конкурстық комиссия отырысына төмендегілер қатысты:
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-сы Басқармасының шешімі негізінде құрылған, 2011 жылдың 18 тамызындағы № 24 хаттама, конкурстық комиссия құрамы:
Комиссия Төрағасының орынбасары:
С. Бескемпіров – басқарушы директор;
Комиссия мүшелері:
М. Бәкиев – активтерді басқару департаментінің директоры;
К. Көпелдеев – заң департаментінің бас менеджері;
А. Ибраимова – индустриялды даму департаментінің директоры.
Комиссия хатшысы:
Ә.Маймакова – индустриялды даму департаментінің бас менеджері.
2.                  Қатыспағандар:
Конкурстық комиссияның Төрағасы – Басқарма Төрағасының орынбасары А. Евниев, 24-30 тамыз аралығында Астана қаласында іссапарда болуына байланысты. 2011 жылдың 23 тамызындағы № 77-к бұйрық қоса тіркеледі.
 
Күн тәртібі:
            ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген, «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының екінші «ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу» бағыты аясында шағын қаржы ұйымдарының кепілдемелік қамтамасыз етілуін бағалау бойынша қызмет көрсетулерді жеткізушісін анықтау жөніндегі жарияланған конкурсқа сәйкес, түскен конкурстық өтінімдерді қарастыру.
 
3.                  Конкурсқа қатысушы әлеуетті жеткізушілерден конкурстық өтінім түскен жоқ.
4.                  Конкурсқа қатысушылардың қабылданбаған конкурстық өтінімдері – жоқ.
 
Қабылданған шешімдер:
 
            Конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің жоқ болуына байланысты, конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптары негiзiнде
 
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 
1.                  Конкурс өткен жоқ деп танылсын;
2.                  Алғашқы жарияланған конкурстың шарттарына сәйкес, «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының екінші «ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу» бағыты аясында шағын қаржы ұйымдарының кепілдемелік қамтамасыз етілуін бағалау бойынша қызмет көрсетулерді жеткізушісін анықтау жөніндегі конкурс қайта жариялансын.
 
Комиссия Төрағасының орынбасары:
С. Бескемпіров                                 _________________
Комиссия мүшелері:
М. Бәкиев                                          _________________
Қ. Көпелдеев                                    _________________
А. Ибраимова                                   _________________
Комиссия хатшысы:
Ә. Маймакова                                   _________________