2010 жылдың 15 қарашасында «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мы Талдықорған қаласында «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 2011-2015 жылдарға арналған даму стратегиясының» тұсаукесерін өткізді

         2010 жылдың 15 қарашасында «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мы Талдықорған қаласында «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 2011-2015 жылдарға арналған даму стратегиясының» тұсаукесерін өткізді, оған облыс Әкімі С.Үмбетов, облыс Әкімінің орынбасарлары А.Баталов, Т.Досымбеков, «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сейітов, облыстық мәслихат хатшысы А.Сыдық, Талдықорған қаласының әкімі С.Жылқайдаров, мемлекеттік құрылымдар мен екінші деңгейдегі банктер басшылары, шетел фирмалары мен бұқаралық ақпарат құрлдарының өкілдері қатысты.
        «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мы Басқармасының Төрағасы Б.Атайбеков, шақырылған қонақтарға ауыл шаруашылығы мен құрылыс материлдарының өндірісін дамытуды, баламалы және қалпына келетін электр қуаты көздерінің, Талдықорған қаласында қуаты 260 МВт және сағатына 660 Гкал ЖЭО-ның құрылысын көздейтін  Стратегияны толығымен таныстырып өтті.

 

       Атап айтсақ, қатысушылар энергетикалық нысандардың құрылысы бойынша «ТВЕА» (ҚХР) компаниясымен бірлескен жобалармен таныстырылды. Осы мақсатпен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мы 1,5 млрд. АҚШ доллары сомасында инвестиция тартуды жоспарлауда.
       Іс-шараға қатысушылардың назарына Алматы облысында сервистік-дайындау орталықтарын (СДО) құру жөніндегі пилоттық жоба, канадалық «SEMEX» компаниясымен бірге асыл тұқымды ірі қара малын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі орталық құру жобасы, сондай-ақ Талдықорған қаласындағы коттедж қалашығы құрылысының жобасы ұсынылды.