«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мы 2011 жылдың 18 мамырында Алматы облысының Талдықорған қаласында «Талдықорған қаласындағы коттедж қалашығының құрылысы» жобасының тұсаукесерін өткізді.
.jpg)
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мы 2011 жылдың 18 мамырында Алматы облысының Талдықорған қаласында «Талдықорған қаласындағы коттедж қалашығының құрылысы» жобасының тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесерге облыс Әкімінің орынбасарлары Т.Досымбеков, Б.Тәкенов және «Нұр Отан» ХДП-ның облыстың филиалының бірінші орынбасары А.Сейітов, Талдықорған қаласының әкімі М.Бегелдиев, «Алматықалақұрылыс» КАҚ-ның президенті Т.Сұлтанбеков, мемлекеттік мекемелер мен банк басшылары, шетелдік фирмалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта, «Алматы-Талдықорған» автомагистраль бойында, облыс орталығының оңтүстік-батыс бөлігінен бөлінген 105,9 га аумақ жерде коттедж қалашығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы жүргізілуде, жұмыстар 2011 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның Төрағасы Б.Атайбеков шақырылған қонақтарды «Эконом санат», «Стандарт санат» және «Премиум санаттағы» 690 коттедждің, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық бағыттағы нысандардың құрылысы көзделетін жобамен жан-жақты таныстырды.
Тұсаукесер қатысушыларына стендтер, эскиздік материалдар, макеттер, заманауи құрылыс материалдары мен технологиялардың үлгілері ұсынылды.
Қазіргі таңда «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мы аталған жобаны жүзеге асыруға инвесторлар тарту жұмыстарын жүргізуде.