«Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы

 

Құрметті кәсіпкерлер!
 
 
ҚР Үкметінің 2011 жылдың наурызындағы № 254 қаулысымен «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді (ары қарай бағдарлама), оның өңірлік өкілі болып «Жетісу»ӘКК»ҰК»АҚ-м болып табылады. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлер қолданатын басқару және өндірістік технологияларды жетілдіру, жұмыс жасап тұрған өндірісті жаңарту (технологиялық қайта жарақтандыру) және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру арқылы экономиканың басым секторларында өнеркәсіп кәсіпорындарын бәсеке қабілеттілігін арттыру болып айқындалды.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде төмендегілер көзделеді:
-                           идустриалды-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде жеке сектор кәсіпорындарына қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыру;
-                           жеке сектор қаражатын, бірінші кезекте қаржы ұйымдарының қаражатын экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін тарту;
-                           өнеркәсіп, бірінші кезекте орта және ірі бизнес кәсіпоындарының қаржы-экономикалық тұрақтылығын арттыру.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері:
-                           бағдарламаға қатысатын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек өнімділігін 2 есеге дейін арттыру;
-                           бағдарламаға қатысатын қуаттардың орташа жүктемесін 80 %-ға дейін арттыру.
Бүгігі таңда «Жетісу»ӘКК»ҰК»АҚ-мы бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құрды және Алматы облысында «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс тобының 2011 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірледі.
Сондай-ақ, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын анықтау үшін Алматы облысының аудандары мен қала әкімдеріне хаттар жазылып, жіберілді.
Кәсіпкерлік субъетілерінің қолда бар тізімі бойынша электронды тасығышта бағдарламаның нормативтік базасының толық пакеті жіберілді.
2011 жылдың 5 тамызында облыс әкімінің орынбасары Б.Тәкеновтың, аудан әкімдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектіліері мен БАҚ-ры өкілдерінің қатысуымен бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысын және кәсіпкерлік субъектілерімен таныстыру семинар-кеңесін өткізу жоспарлануда.
Бағдарламаны жергілікті БАҚ-да кеңінен жариялау үшін медиа-жоспар әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.
Бағдарламаға қатысуға қатысты мәселелері бойынша төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыздар:
«Жетісу»ӘКК»ҰК»АҚ-мы
Андабаев Марат, Маймaқова Әйгерім
Тел: 8 (728 2) 27-40-57
E-mail:a.maimakova@spk-zhetisu.kz
 
«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-сі
Шәкірова Мейрамгүл
Тел: 8 (728 2) 27-26-75; 27-36-62        

E-mail: prom_dpp@mail.ru