Саусақ бірікпей ине ілікпейді.
Саусақ бірікпей ине ілікпейді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсақ шаруашылықтарды біріктіру саясатын Алматы облысында «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы берік қолға алды. Елбасы тапсырмасын және Үкімет бағдарламасын орындау мақсатында корпорация жер-жерде сервистік-дайындау орталықтарын ашты.
Бұл мақсатқа мемлекет биыл барлығы 5,6 млрд теңге қарастырып отыр. Оның ішінде Алматы облысына бөлінгені 697,9 млн теңге. Бүгінде өңірімізде 3 сервистік дайындау орталығы жұмысын бастап кетті. Жазиралы Жаркент өңіріндегі орталық жүгеріні кәсіп еткен шаруашылықтардың жұмысын бір арнаға тоғыстырды. «Жаркент» сервистік дайындау орталығы Үшарал ауылындағы «Жантағұлова» шаруа қожалығының негізінде ашылды. Ашыла салысымен мұнда ірілі ұсақты 100 ден аса шаруашылық бірігуге ниет білдірді. Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының игі бастамасына ең алдымен жері аз техникасы жоқ қожалықтар қуанды. Себебі сервистік дайындау орталығын барлық қажет техника сатып әперді. МТС өз кезегінде диқандарың көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүруіне септігін тигізді. Сервистік дайындау орталығы шаруалардың тынысын кеңейтіп қана қоймай жергілікті ағайынға жұмыс берді. Бүгінде бұл кәсіпорында 40 адам еңбек етеді. Уақытылы жалақыларын алып, отбасыларын асырауда.